Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде 16 жастағы теннисшімен ойнайды

0
1 023

Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен өткізеді.


Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде 16 жастағы теннисшімен ойнайды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен өткізеді.

Б.Фрухвиртова – негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алған теннисшінің бірі.

Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцеваның рейтингте 88-сатыдағы бельгиялық Марина Заневскаямен кортқа шығатыны жеребе тартылған кезде-ақ белгілі болған-ды.

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды. Ол да іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, рейтингте 129-сатыдағы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.

Іріктеу сайыстарында сәтті ойнап, Франция ашық чемпионатына алғаш рет жолдама алған 22 жастағы Тимофей Скатов тәжірибелі қарсыласқа тап болды. Ол әлемнің 33-ракеткасы, 32 жастағы болгариялық Григор Димитровпен кездеседі.

Қазақстандықтардың жекелей сындағы осы төрт матчы да 28 мамыр, жексенбі күнге белгіленген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов алғаш рет Ролан Гарростың негізгі турниріне жолдама алды.