Жарысқа 46 елден 653 спортшы қатысып жатыр.
ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде 12-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында ММА-дан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Жарысқа 46 елден 653 спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасының 35 мүшесі қорғайды.
Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 40 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысының өкілі Еркебұлан Иманғали әлем чемпионы атанды. Ол финалда ливандық спортшы Омар Антармен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.