​«Ертіс» клубының бас бапкері тағайындалды

0
1 342

Шешім шығарылды.


​«Ертіс» клубының бас бапкері тағайындалды

Бұл туралы «Ертіс» ФК баспасөз қызметкері Дархан Бекіш мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазіргі кезде Алматыға келіп жайғасып жатырмыз, - деді Дархан Бекіш. – Шешім шығарылды. Бапкер ертеңгі ҚР кубогы аясында өтетін жартылай финалдық ойынға команданы жаттықтыратын болады.

57 жасар Ойрат Садуов – жергілікті футболдың тәрбиеленушісі, әрі павлодарлық клуб сапында (Трактор, Ансат) ойын өткізу бойынша рекорд иесі. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, капитан атанған.

Ойрат Садуов бас бапкер ретінде петропавлдық «Есіл-Богатырь» ФК, «Ертіс» ФК және Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырған.

Соңғы уақыттарда «Ертістің» спорттық директоры міндетін атқарды.

Бапкерлік штабта бұрынғыдай Дмитрий Кузнецов, Виталий Варивончик және Данияр Мұқанов бар.

Сонымен қатар, дене шынықтыру бапкері болып Александр Шмарко бекітілді.

49 жастағы бапкер қорғаушы ретінде ресейлік чемпионаттың жоғарғы лигасында және Ресей құрамасының сапында 248 ойын өткізген. Жасөспірімдер құрамасының және тульдік «Арсеналдың» бапкерлік штабында болған.

Айта кетейік, «Ертіс» ФК ертең сағат 19:00-де Алматының орталық стадионында «Қайратқа» қарсы ҚР кубогының финалдық жолдамасын сарапқа салады.