2023 жылғы әлем чемпионаты мамырдың 12 мен 28 аралығы Ригада (Латвия) және Тампереде (Финляндия) өтеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның хоккей федерациясы Қазақстан азаматтығынан бас тартқан ойыншыларға қатысты пікір білдірді, деп жазады vesti.kz.
- Ақпарат қаншалықты рас?
"Қазақстан құрамасына үміткерлердің барлығы 2023 жылғы ӘЧ алдындағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Кей ойыншылар отбасылық жағдай мен жарақатқа байланысты келе алмады, ал кейбірі өз елінің азаматтығына өтуді жөн көрді. Біз әрдір ойыншының таңдауын құрметтейміз және құрамада өткізген жылдар мен халықаралық жарыстардағы нәтижелер үшін алғыс білдіреміз. Кейінгі жылдары федерация жастар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға күш жұмсауда. 2018 жылы Қазақстанның жастар лигасы - Jas Ligasy іске қосылды. Қазіргі кеңейтілген құрам айтарлықтай жасарды. Жастар құрамасындағы көптеген ойыншы негізгі құрамға қосылып жатыр. Алдағы матчтерде жаңа ойыншыларды көресіздер", - дейді федерация өкілдері.
Еске салайық, 2023 жылғы әлем чемпионаты мамырдың 12 мен 28 аралығы Ригада (Латвия) және Тампереде (Финляндия) өтеді. Қазақстан топтық кезеңде Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцариямен ойнайды.