FIFA Қазақстанның 7 футбол клубына жаза қолданады

0
624

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ.


FIFA Қазақстанның 7 футбол клубына жаза қолданады

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен.

“Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр”, - деп жазды журналист.

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі:

"Қайсар" - 1

"Оқжетпес" - 1

"Ақсу" - 2

"Тараз" - 4

"Шахтер" - 5

"Каспий" - 7

"Тұран" - 8

Естеріңізге салсақ, Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов легионерлер лимитінің жойылғанын хабарлаған болатын.