Фрэнк Лэмпард "Дерби Каунтидің" бас бапкері

0
1 411

39 жастағы маман 3 жылдық келісім шарт жасасып, команданы Англияның Чемпионшип лигасынан премьер лигага алып шағуға көмектесуі қажет.


Фрэнк Лэмпард

ERNUR.KZ. Англия құрама командасы және Лондонның «Челси» клубының бұрынғы футболшысы Фрэнк Лэмпард «Дерби Каунти» клубының бас бапкері болды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Sky Sports телеарнасына сілтеме жасап.

39 жастағы маман 3 жылдық келісім шарт жасасып, команданы Англияның Чемпионшип лигасынан премьер лигага алып шағуға көмектесуі қажет.

Ол жуырда аяқталған маусымнан соң лауазымынан кеткен Гари Роуэттің орнын иеленді.

«Мен әрдайым «Дерби Каунти» клубыны секілді үлкен тарихқа ие болған командада жұмыс жасау ниетінде болғанымын. Менде осындай мүмкіндік пайда болғанынан қуаныштымын» - дейді Лэмпард.