Футбол: Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

0
854

Жарыстың ширек финалы 9 және 16 сәуір күндері өткізіледі.


Футбол: Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды, деп жазады inform.kz.

Жарыстың ширек финалы 9 және 16 сәуір күндері өткізіледі.

Ширек финалдағы командалар жұбы төмендегіше:

«Арсенал» (Англия) - «Бавария» (Германия)
«Реал Мадрид» (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия)
«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Боруссия Дортмунд» (Германия).
«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Барселона» (Испания)

Ал жартылай финалда «Атлетико Мадрид» және «Боруссия Дортмунд» жұбының жеңімпазы «Пари Сен-Жермен» мен «Барселона» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Арсенал» мен «Бавария» жұбының жеңімпазы жартылай финалда «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін Еуропа және Конференця лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылады.

Еуропа лигасында ширек финалға «Бенфика» (Португалия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Милан» (Италия), «Марсель» (Франция), «Ливерпуль» (Англия), «Рома» (Италия), «Аталанта» (Италия), «Байер» (Германия) клубтары жолдама алды.

Ал Конференция лигасында «Виктория Пльзень» (Чехия), «Фиорентина» (Италия), ПАОК (Грекия), «Астон Вилла» (Англия), «Фенербахче» (Түркия), «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Лилль» (Франция), «Брюгге» (Бельгия) командалары ширек финалда ойнайды.