Футбол жанкүйерлері Қазақстан Кубогының ақтық сайысында төбелесіп қалды (видео)

0
1 297

Қызылордалық "Қайсар" және "Атырау" клубының жанкүйерлері Қазақстан Кубогы - 2019 аясында өткен ақтық матч соңында төбелесіп қалды.


Футбол жанкүйерлері Қазақстан Кубогының ақтық сайысында төбелесіп қалды (видео)

ERNUR.KZ. Қызылордалық "Қайсар" клубы "Атыраумен" бірге өткізген матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Екі клубтың жанкүйерлері матч соңында футбол алаңында төбелес шығарды, деп жазады stan.kz.

Қызылордалық "Қайсар" және "Атырау" клубының жанкүйерлері Қазақстан Кубогы - 2019 аясында өткен ақтық матч соңында төбелесіп қалды.

Видеодан ойын ортасында төбелес шыққанын көруге болады. Сонымен қатар, жанкүйерлер бір-біріне қағаз стақандарды лақтырған.

Алғашқы голды ойынның 67-ші минутында атыраулық команданың шабуылдаушысы Петар Гжельчак салды. 87 минутта алаңға шабуылдаушы Игорь Зенькович шығып, есепті теңестірді. Ойынның соңғы минуттарында Думан Нәрзілдаев "Атырау" қақпасына екінші голды салды.