Осыған дейін бір ойын шегерілген болатын.
ERNUR.KZ. Англия премьер-лигасының басшылығы коронавирусқа байланысты жағдайға алаңдап отыр. Қиындық 28 желтоқсанда басталған, ол кезде індет жұқтырғандар саны артқанына байланысты "Эвертон" - "Манчестер Сити" ойынын шегеру керек болды, деп жазады vesti.kz.
Мұның алдында "Фулхэм" - "Тоттенхэм" ойыны өтпеуі мүмкін екені хабарланды. "Шеффилд" болса командада ауырғандар саны артқанына қарамастан, "Бернлимен" матч өтетінін мәлімдеді. Ал "Саутгемптон" матчіне бас бапкер Ральф Хазенхюттль қатыса алмайды.
Клубтардың топ-менеджері чемпионатты екі аптаға тоқтату туралы келіссөз өткізді.
Кейінгі тест қорытындылары АПЛ-де 18 адам коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Бұл тамыздан бергі ең үлкен көрсеткіш.