Футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды

0
706

Жаттығу кезінде аспан ашық болған.


Футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Мәскеулік "Знамя Труда" футбол клубының жаттығуы кезінде 16 жастағы қақпашы Иван Заборовскийге найзағай тиген. Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады Тengrinews.kz.

Футболшы қатты күйік алған, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жаттығу кезінде аспан ашық болғаны айтылады. Иван командадан бөлек жаттыққан, сондықтан оған найзағай тиген сәтте ешкім бірден байқамаған.

Қақпашыға бірінші болып оның жаттықтырушысы Антон Басов көмекке келген: ол Заборовскийдің жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс берген, жедел жәрдем келгенше реанимациялық әрекеттер жасаған.

Жасөспірім спортшы ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жатқызылған. Заборовскийдің жағдайы тұрақты, кардиограмма қалпында екені хабарланды.

Клубтың бас директоры Игорь Майоровтың айтуынша, ол 16 жастағы спортшының әкесімен байланысқан. Футболшының қалпына келу динамикасы жақсы екенін, алдағы уақытта ойнай алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, жағдайды аймақтың денсаулық сақтау министрі бақылауына алғанын айтты.