Головкин 2022 жылғы бірінші қарсыласын таңдады

0
498

Енді Головкин шаршы алаңға желтоқсан айында оралады деп күтілуде.


Головкин 2022 жылғы бірінші қарсыласын таңдады

ERNUR.KZ. Британдық боксшы кіші Крис Юбенк (31-2, 23 КО) пен отандасы Лиам Уильямс (23-3-1, 18 КО) жыл соңына дейін бір-бірімен кездесетін мүмкіндік алады. Содан соң Юбенктің орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жолығатын мүмкіндігі туады, деп жазады vesti.kz.

Юбенктің айтуынша, жыл соңына дейін ол міндетті түрде Уильямспен айқас өткізеді. Сөйтіп, бұрыннан келе жатқан өзара дауға нүкте қояды.

"Бұл кездесуде өткізгіміз келеді. Екі боксшы да бірнеше жылдан бері жауласып жүр. Юбенк үшін маңызды айқас болмақ. Себебі, ол алдағы кездесуде жеңіске жетсе, Головкинмен жұдырықтасуға мүмкіндік алады", - деді боксшының проомутері Бен Шалом.

Юбенктің басты мақсаты Головкинмен кездесу. Ол қазақстандық боксшыны жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізуге ниетті екен.

"Келіссөздер басталды. Головкиннің командасымен байланыс орнатылды. Олар да Юбенкпен кездескісі келеді. Біз бұл кездесуді мамырға жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді промоутер.

Еске салайық, Юбенк Головкинмен 2016 жылы кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде британдық боксшының кесірінен жекпе-жек өтпей қалды.

Енді Головкин шаршы алаңға желтоқсан айында оралады деп күтілуде. Ол орта салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу жоспарланған.