Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

0
490

Кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін.


Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Головкиннің промоутері Эдди Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Сондай-ақ жекпе-жек өтуі мүмкін елдердің қатарында АҚШ бар - бұған дейін боксшылар Чикагода жұдырықтасады деп хабарланған. Кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Шеремета - IBF титулының міндетті үміткері. IBF мен IBО белбеулерін Головкин 5 қазанда жеңіп алған болатын. Сол жекпе-жекте украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

37 жастағы Головкин карьерасында АҚШ, Германия, Дания, Панама, Украина, Монако, Ұлыбритания және Қазақстанда жұдырықтасқан.