Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылдың қыркүйегінде өтеді

0
656

"Канело" тарапы кездесуді 2020 жылдың қыркүйегінде Сан-Антонио қаласында өткізуді ұсынған.


Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылдың қыркүйегінде өтеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 2020 жылы өткізетін кездесулердің кестесі жасалған, деп жазады baq.kz.

IBF тұжырымы бойынша қазіргі чемпионы Головкиннің өкілдері боксшының 2020 жылы өткізетін кездесулерінің кестесі жасалғанын айтады. Отандасымыз 2020 жылдың 8 ақпанында чемпиондық белдігін қорғау мақсатында польшалық боксшы Камил шереметаға қарсы Чикаго қаласында жекпе-жек өткізеді. IBF польшалық боксшыны міндетті қарсылас етіп тағайындамаса да кездесу өткізу келісімшарты жасалып қойған.Сондай-ақ 2020 жылдың мамыр айында Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу күтілген. Алайда, мексикалық боксшы ол уақытта GGG-мен жұдырықтаспайтынын айтқан. "Канело" тарапы кездесуді 2020 жылдың қыркүйегінде Сан-Антонио қаласында өткізуді ұсынған. Бұған GGG командасы әзірше келісімін берген.

Айта кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы кездесулердің барлығы тек қыркүйек айында өткізілген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, 2017 жылғы кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.