Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілді

0
753

Деревянченконың промоутері екі боксшы да баспасөз мәслихатына қатыса алмайтынын мәлімдеді.


Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен оның қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) бүгін Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін жылдам ауруханаға жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла Twitter парақшасында екі боксшы да баспасөз мәслихатына қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко жекпе-жегінде орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы титулдары сарапқа салынды.

Жекпе-жекте 115-112, 115-112, 114-113 есебімен GGG жеңіске жетті.