WBO чемпионы Билли Джо Сондерс Сауль "Канело" Альвареспен кездескісі келетінін хабарлады. Екі боксшының өкілдері алдын ала келіссөздер өткізген.
ERNUR.KZ. Екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс Сауль "Канело" Альвареспен кездескісі келетінін хабарлады. Ол бұл жекпе-жек үшін жартылай ауыр салмаққа көшуге дайын, деп жазады sputniknews.kz.
Сондай-ақ, Деметриус Андрейдпен жұдырықтасу үшін өзінің бұрынғы салмағы 72,6 келіге келе алатынын жеткізді. Бұл туралы Сондерс DAZN стримингтік қызметі жетекшілігімен кездесуде айтты.
DAZN комментаторы Крис Манникстің айтуынша, Сондерс пен "Канелоның" өкілдері алдын ала келіссөздер өткізген.
Алайда DAZN Сауль Альварес мамыр айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі тиіс деп отыр.