Головкин Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

0
679

Бұл туралы жапон боксшысының шаруасымен айналысатын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум айтты,


Головкин Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

ERNUR.KZ. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) сол салмақта WBA "тұрақты" чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 KO) жекпе-жек өткізуге үміткерлер тізіміне енді, деп жазады Тengrinews.kz.

23 желтоқсанда Йокогамада (Жапония) Мурата канадалық Стивен Батлерді (28-2-1, 24 KO) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын қорғап қалған.

"Токио Олимпиадасының алдында мұнда "Канело" немесе Головкинді алып келіп, "Токио Доумда" Муратаға қарсы үлкен жекпе-жек өткіземіз деп үміттенеміз. Екі боксшы да Жапонияға қуана келетінін және Муратаға қарсы үлкен жекпе-жек өткізетінін айтты. Сол кездесуді ұйымдастырмақпын", - деді Арум.

Айта кетсек, промоутер айтқан "Токио Доум" стадионына 55 мың көрермен сыйып кетеді.

стеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізіп, екі титул жеңіп алған. Енді боксшы 2020 жылы наурызда рингке оралуы мүмкін.