Головкинге ресми түрде міндетті қарсылас бекітілді

0
803

Жекпе-жектің өзі ақпан (8 немесе 29) әлде наурыз басы Чикагода өтеді.


 Головкинге ресми түрде міндетті қарсылас бекітілді

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйымның орта салмақта чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) титулын қорғауға міндеттеді, - деп жазады Vesti.kz.

Бұл туралы промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мәлімдеді. Осылайша, Головкиндегі IBF титулына міндетті қарсылас польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жектің өзі ақпан (8 немесе 29) әлде наурыз басы Чикагода өтеді. Мұның алдында Головкин осы қаладағы Wintrust аренасын жалға алып қойғаны хабарланған.

"Головкинмен келесі аптада кездесемін. Бейсенбіде көрісеміз. Келесі жекпе-жекті сөз етеміз. Головкиннің міндетті қарсыласы Камил Шермета бар. IBF бұл кездесуге санкция берді", - дейді Хирн FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Мұның алдында, Головкин мен Шеремета жекпе-жектің қаржылық тұсына келіскені хабарланған. Осылайша, GGG-мен жекпе-жек үшін польшалық боксшы карьерасындағы ең үлкен гонорарын алады.

"Жекпе-жек үшін миллион". Головкин келесі қарсыласымен гонорар бойынша келісе алды.