Головкиннің қашан шаршы алаңға оралатыны хабарланды

0
2 499

Спортшының соңғы жекпе-жегі 18 желтоқсанда өткен еді.


Головкиннің қашан шаршы алаңға оралатыны хабарланды

ERNUR.KZ. GGG Promotions атқарушы директоры Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп жазады prosports.kz.


«GGG-де бірнеше жекпе-жекке ұсынысы бар. Қарсыласқа келер болсақ, ең мықтысы Мунгия болмақ. Жалпы, Головкин маусым айында шаршы алаңға оралуды жоспарлап отыр», – деді Леффлер.


Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 18 желтоқсанда Камил Шереметаға қарсы өткізіп, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды.