IBA қатарынан тағы бір бокс федерациясы шығып кетті

0
761

Мұның алдында IBA қатарынан АҚШ, Швейцария және өзге де бірқатар ел шығып кеткен еді.


IBA қатарынан тағы бір бокс федерациясы шығып кетті

ERNUR.KZ. Финляндияның бокс федерациясы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) қатарынан шығу туралы шешім қабылдады, деп жазады vesti.kz.

YLE мәліметінше, бұл шешім IBA-ның Ресеймен тығыз байланысты болғанына қатысты, енді Финляндия федерациясы World Boxing ұйымына қосылмақ.

Айта кетейік, IBA басқару, қаржы мен этика тұрғысынан реформа өткізе алмағандықтан Халықаралық олимпиадалық комитет тарпынан мойындалмай қалды. Бұрындары AIBA аталған ұйым 2019 жылдан бастап Олимпиада ойындарында бокс турнирлерін өткізуден шеттелді.

Мұның алдында IBA қатарынан АҚШ, Швейцария және өзге де бірқатар ел шығып кеткен еді.