Бұған дейін АҚШ пен Швейцария ұлттық федерациялары ІВА қатарынан шыққандарын мәлім еткен.
ERNUR.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) құрамынан Жаңа Зеландия мен Аргентина құрамалары шығатын болды, деп жазады vesti.kz.
Бұл ұйыммен қарым-қатынасын тоқтатын үшінші және төртінші құрамалар. Бұған дейін АҚШ пен Швейцария ұлттық федерациялары ІВА қатарынан шыққандарын мәлім еткен.
Жаңа Зеландияның бокс федерациясы биыл құрылған World Boxing ұйымы қатарына қосылғысы келеді.
Өткен айда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) IBA-ны басқарушылық, қаржы және этика мәселелерінде дұрыс реформа жүргізе алмағаны үшін мойындаудан бас тартқан еді.