Азмун Иран командасының сапына кезекті рет шақырту алған сәтте аты жаман ауруды жұқтырғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Иран құрамасының ойыншысы Сердар Азмун коронавирус жұқтырды, деп жазады Vesti.kz.
Азмун Иран командасының сапына кезекті рет шақырту алған сәтте аты жаман ауруды жұқтырғаны белгілі болды. "Зенит" шабуылшысы қаңтар айының 27 жұлдызы Катар-2022 турнирі аясында Ирак құрамасына қарсы ойнауы тиіс болған.
Еске салайық, transfermarket сайты ирандық футболшыны 25 млн еуроға бағалап отыр. Осылайша ол қазіргі таңда Иран сапындағы ең бағалы ойыншы атанып отыр. Сердар Азмун Иран құрамасының жейдесімен алаңға 60 рет шығып, 39 гол соққан.