«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

0
388

Кирилл Кекер негізгі команданы 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды.


«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. Кирилл Сергеевич «Қайрат» ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра беретінін айта кетейік», - делінген хабарламада.

Кекер негізгі команданы 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде «Қайрат» ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.