"Қайрат" пен ресейлік клуб арасында жанжал шықты

0
946

Футболшылар арасында жаппай қақтығыс болып, алаңға "Динамо" фанаттары шығып кеткен.


ERNUR.KZ. Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында өткен "Қайрат" пен мәскеулік "Динамо" арасындағы матчта жанжал шықты, деп хабарлайды tengrinews.kz.

79-минутта ресейлік клубтың қорғаушысы Сергей Паршивлюк 18 жастағы алматылық Руслан Жарлаевтың ойын тәртібін бұзуына ашуланған. Нәтижесінде футболшылар арасында жаппай қақтығыс болып, алаңға "Динамо" фанаттары шығып кеткен.

Салдарынан Жарлаев пен Паршивлюк, "Қайраттың" қақпашысы Стас Покатилов сары қағаздан алса, әріптесі үшін кек алмақ болған "Динамоның" босниялық қорғаушысы Тони Шунич алаңнан қуылды.

Ал матч 1:1 есебімен аяқталды. 57-минутта Данияр Үсенов соққан голға ресейліктер 72-минутта Сильвестр Игбунның добымен жауап берді.