Спортшы 23 маусым күні "Қайрат" құрамасында жарысқа түсетінін мәлімдеген.
ERNUR.KZ. 36 жастағы Вагнер Лав қазақстандық "Қайрат" футбол құрамасына мәскеулік ЦСКА-дан ауысып келді. Meta-ratings.kz таратқан мәліметке сүйенсек, ресейлік топ басшылары футболшының агентіне комиссиялық ақы төлеуден бас тартқан, деп жазады Stan.kz.
Мәселе тудырған қаражат шамамен 200-300 мың евро екен. Ал алматылық "Қайрат" болса спортшының агенттіне де, оның өзіне де бұрынғы жалақысынан кем түспейтін ақша ұсынған. Басылым мәліметінше, футболшының жалақасы 800 мың евро болмақ.
Бұған дейін "Қайрат" тобының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев шетелдік футболшымен қысқа мерзімге келісімшарт жасалғаны және бұл жайт үлкен шығындарға алып келмейтінін айтқан екен.
Айта кетейік , Вагнер Лав ЦСКА тобында 2004-2009 жылдар аралығында және 2013 жылы сайыстарға қатысқан. Ол 175 футбол ойындарына қатысып, 86 рет гол соққан.
Осы жылдың маусым айының басында ол "Коринтианспен" келісімшартты бұзған. Ал 23 маусым күні футболшы "Қайрат" құрамасында жарысқа түсетінін мәлімдеген.