Үшінші жекпе-жек 12 қыркүйек күні өтеді деп күтілуде.
ERNUR.KZ. The Athletic басылымы Мексика боксшысы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен қыркүйек айында өтетін үшінші жекпе-жегін қалай жоспарлап отырғанын баяндап берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Канело» маусым айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге әлі де ниетті екенін айтты. Бірақ ол коронавирус кесірінен өтпей қалса, Головкинмен үшінші жекпе-жекке бірден өтуге әзір екенін білдірді», - деп жазады The Athletic.
Еске сала кетсек, бастапқыда Альварестің британдық Билли Джо Сондерспен жекпе-жегі 2 мамырға жоспарланған еді, алайда коронавирус пандемиясы салдарынан оны кейінге қалдыруға тура келген.
Головкинмен айқасуға келетін болсақ, Париматч букмекерлік кеңсесінің оған қатысты белгілеген бағасы мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.40, тең түсу – 19.
Үшінші жекпе-жек 12 қыркүйек күні Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T Stadium аренасында өтеді деп күтілуде.