"Канело" Головкиннен жеңілсе не болатыны айтылды

0
386

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесеті жайлы ресми мәлімделген болатын.


ERNUR.KZ. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Канело" жеңілмейтіні туралы аңыз күл болды. Енді шындық қана бар. Қатарынан екі рет жеңілсең, карьераң аяқталуы да мүмкін.

Иә, жартылай ауыр салмаққа көтерілгенде "Канело" басын қатерге тікті. Ол жеңеді деп болжанса да. Ал алдағы айқаста бәрі басқаша болады. Мұнда ештеңе деп ақтала алмайсың. Егер ол қыркүйекте Головкиннен жеңілсе, ары қарай не істеу керек? Екі бөлек қарсыластан қатарынан жеңілу оңай тимесі анық. "Канело" үшін ең ауыры бұрынғы сенімділігін қайтарып, Биволдан жеңілістен кейін ес жинау. Ол бұл айқастан кейін қатты күйзелді. Ал енді алдағы жекпе-жекте жеңіс оған өте қажет. Ол жеңуі тиіс... Ол (Головкинді) жеңуге міндетті", - деп береді Хирннің сөзін vRINGe.com.