Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды.
ERNUR.KZ. Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды. «Алтынды» 50 келіге дейін салмақта Мөлдір Жаңбырбай иеленді.
60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай екінші болса, Дидар Әмірәлі (67 кг дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.