Катардағы ӘЧ ұйымдастырушылары жергілікті қыздарға "қырындауға" қатаң тыйым салды

0
550

Әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.


Катардағы ӘЧ ұйымдастырушылары жергілікті қыздарға

ERNUR.KZ. 2022 жылғы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатының ұйымдастырушылары шет елден келетін жанкүйерлерге арналған ережені жариялады, деп жазады vesti.kz.

Ұйымдастырушылар шет елдік жанкүйерлерге жергілікті қыздарға тиіспеуді талап етті. Сонымен қатар, дұға жасалып немесе намаз оқылған кезде музыканың дауысын қатты шығаруға тыйым салды.

Ал шет елдік жанкүйер қыздарға аяғы, қолы және кеудесін жабатын ұзын көйлек киюге кеңес айтылған. Бірақ оларға тек көзін ғана ашық қалдыратын дәстүрлі чадра көйлегін киюді міндеттемеді. Ерлерге шолақ шалбар мен тырысып тұратын сым киюге болмайды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.