Қазақ күресінен Азия чемпионаты Моңғолияда өтетін болды

0
1 107

Қазақтың ұлттық спорт түрлері шетелге де танылып келеді.


Қазақ күресінен Азия чемпионаты Моңғолияда өтетін болды

ERNUR.KZ. Биыл 16-17 тамызында Моңғолия мемлекетінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өткізіледі. Qazaq kuresi чемпионатына барлығы 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz.

Халықаралық қазақ күресі федерациясының хабарлауынша, қазіргі күннің өзінде Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыстан және тағы да басқа мемлекеттерден балуандар белдесуге ниет білдірді.

Айта кетсек, жуырда ғана Польшаның Вроцлав қаласында (Польша) Qazaq kuresi-нен Еуропа чемпионаты өткен болатын.

Еуропа чемпионатына Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украина секілді 24 елден 113 балуан қатысты. Еуропа чемпионатында алғаш рет Ирландия, Италия, Испания ұлттық құрамалары өнер көрсетті.