«Қазақстан Барысы-2017» жеңімпазы допинг дауына ілікті

0
1 424

Ақпаратты Ұлттық антидопинг орталығы растаған.


 «Қазақстан Барысы-2017» жеңімпазы допинг дауына ілікті

ERNUR.KZ. «Қазақстан Барысы-2017» жеңімпазы Еламан Ерғалиевтің допинг сынамасында тыйым салынған препарат табылды, деп жазады КТК арнасы.

Ақпаратты Ұлттық антидопинг орталығы растаған. Еламан Ерғалиевтің қараша айындағы Қазақстан чемпионаты кезінде тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылған.

Тексеру шаралары жүріп жатыр, сол себепті оның қан құрамынан табылған препарат пен қанша мерзімге спорттан шеттелетіні туралы әзірге айтылмайды.

Еске салайық, 2018 жылы қарашада 23 жастағы Еламан Ерғалиев Қазақстан біріншілігінде допинг сынамасын тапсырған еді, сол жарыста ол екінші орын алды. 2017 жылы Қызылорда облысының балуаны «Қазақстан Барысы» атанып, 25 миллион теңге сыйақы алған еді.