​Қазақстан дзюдодан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

0
1 114

Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.


​Қазақстан дзюдодан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Нассауда (Германия) дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар жұбаныш финалында Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразилия құрамасына 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Аралас командалық сайыста Қазақстан жастар құрамасының сапында Арслан Есенгел, Бауыржан Нарбаев, Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бақытбергенов, Ерасыл Болат, Дінахмет Рыссымбек, Санжар Жаббаров, Ғалия Тынбаева, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева, Мөлдір Нарынова және Камила Берліқаш күресті.

Естеріңізге сала кетсек, 17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты. Жылдың ең маңызды байрақты бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Осыған дейін 73 келіне дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жанболат Бақытбергенов қола жүлдегер атанса, аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тағы бір қоланы жеңіп алды.