Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-дан 750 мың еуро алады

0
1 468

Бұл матчқа билеттерді онлайн алуға болады


Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-дан 750 мың еуро алады

ERNUR.KZ. УЕФА Ұлттар лигасына қатысатын 55 қауымдастықтың ынтымақтастық төлемі мен бонустық төлемақысын көбейтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталып өтілгендей, турнирге қатысып жатқан құрамалардың 55 қауымдастығының төлемдері 50% артады. Сондай-ақ, A, B, C және D лигаларының жеңімпаздарына да сыйақы көбейеді.

Бірінші орын иегерлеріне бонустық жүлде де 50% жоғарылайды. Осылайша, А лигасының командасы турнирге қатысқаны үшін € 2,25 млн, B лигасынан - € 1,5 млн, С - € 1,125 млн, D - € 0,75 млн алады. Өз топтарында жеңіске жеткен командалар лигаға қатысқандары үшін де жүлделерге ие болады.

Қазақстан футбол федерациясының табысы біздің құрамамыз өз тобында бірінші орын алса, екі есеге артады. 2019 жылдың маусымында Ұлттар лигасының ақтық сынында ойнайтын А лигасының төрт тобындағы жеңімпаздардың да төлемдер артады.

Ақтық сында төртінші орын алған команда € 2,5 млн, үшінші орын - € 3,5 млн, финалға шыққан команда - € 4,5 млн, жеңімпаз - € 6 млн алады.Ұлттар лигасының жеңімпазы ақтық сыннан кейін € 10,5 млн сыйақыға ие болады.

Еске салайық, 13 қазанда Станимир Стоиловтың қамқорлығындағылар Латвия құрамасымен ойнайды. 3 күннен кейін өз алаңында Андорра командасын қабылдайды. Бұл матчқа билеттерді онлайн алуға болады.