Қазақстан қоржыны екі қола медальмен толықты

0
1 267

Дзюдошы Елдос Жұмақанов және Артем Захаров велотректен Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.


Қазақстан қоржыны екі қола медальмен толықты

ERNUR.KZ. Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында тағы бір дзюдошымыз екінші қола медальға қол жеткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екінші қола медальді дзюдодан ерлер арасындағы сайыста 66 келіде сынға түскен Елдос Жұмақанов жеңіп алды.

Ол қола медаль үшін күресте қатарлық балуанмен жолығып, "иппон" әдісімен жеңіске жетті. Біз осыған дейін әйелдер арасындағы додада 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг те қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Отгонцецег Галбадрах жарысты жеңіспен бастаған еді. Дегенмен, екінші айналымда Елдос Сметов Солтүстік Корея спортшысынан ұтылып қалды. Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

Сонымен қатар, Артем Захаров велотректен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Захаров жекелей сында үздіктер қатарына еніп отыр. Қола медаль үшін өткен жарыста жерлесіміз Гонконг спортшысынан озды. Бұл - қазақстандық велотрекшілердің биылғы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы медалі.