Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады

0
1 376

Қарсыласын жеңуі мүмкін емес деп топшылағанған додада жерлесіміз сенcация жасады.


Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп жазады Zakon.kz.


Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған Ломакин финалда әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы болып табылатын жергілікті теннисші Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыласын жеңуі мүмкін емес деп топшылағанған додада жерлесіміз сенcация жасады.

Үш сет бойында: 7:6, 4:6, 6:3 есебімен ол қарсыласынан басым түсіп, чемпиондық атақты жұлып алды.

Айта кетсек, Ломакин турнирді іріктеу сынынан бастап бір апта ішінде жеті матч бойында қатарынан жеңіске жеткен.

Жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Айта кетсек, алдында тағы бір жерлесіміз Тимофей Скатовтың АҚШ-тың ашық чемпионатының негізгі турниріне жолдама алғаны, оның қарсыласы белгілі болғаны хабарланған.