Қазақстан теннистен әйелдер арасында ірі халықаралық турнир ұйымдастырады

0
790

Спорттық шара әлемнің 70 -тен астам елінде көрсетіледі.


Қазақстан теннистен әйелдер арасында ірі халықаралық турнир ұйымдастырады

ERNUR.KZ. Қазақстанда Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ірі жарысы өтеді, деп жазады olympic.kz.

2021 жылдың 26 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында әлемнің әйелдер арасындағы теннис жұлдыздары жарыстың бас жүлдесі мен 250 рейтингтік ұпай үшін таласады. Спорттық шара әлемнің 70 -тен астам елінде көрсетіледі.

«Бұл ауқымды шара болмақ. Екі апта бойы әлем теннисінің назары Қазақстанға ауады, өйткені алдымен ерлер арасында ATP 250 турнирі өтеді, содан кейін бірден әйелдер WTA 250 басталады», - дейді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында. - «Біз әлем теннисшілері мен жанкүйерлерін ұмытылмас жақсы әсерге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз».

Әйелдер арасындағы турнирдің негізгі кезеңіне Қазақстан құрамасының барлық көшбасшысы қатысады. ATP 250 және WTA 250 басталмас бұрын Нұр-Сұлтанда Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар негізгі кезеңге wild card алады, ал финалистер іріктеу ойынына қатысады.