Спортшының мәлімдеуінше DAZN стримингтік компаниясы қазақ жерінегі бокс кешін әлемнің 200 еліне трансляция жасайды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) титулды айқасын Алматыда өткізеді, деп жазады vesti.kz.
Спортшының мәлімдеуінше DAZN стримингтік компаниясы қазақ жерінегі бокс кешін әлемнің 200 еліне трансляция жасайды.
"DAZN және MOVIDA промоутерлық компаниясы тарихымызда тұңғыш рет Қазақстаннан тікелей эфир жүргізеді, ол әлемнің 200 еліне тікелей хабар таратады ?? Бұған менің IBO Intercontinental белбеуі үшін әлемнің ТОП 65-тен шыққан испаниялық Энрике Луиске қарсы титулдық жекпе-жегім себеп болмақ. Бұл кездесу әлем чемпионы (IBO) белбеуі үшін жекпе-жек алдындағы соңғы аралық кездесуім. Жекпе-жек 11 желтоқсанда оңтүстік астанамыздағы ең үлкен алаң – «Almaty Arena»-да өтеді. Сондай-ақ бүгін @movida.media парақшасында жұлдызды Қазақстандық кард жарияланады! Жіберіп алмаңыздар!!! Алла Тағаланың қалауымен 25 жекпе-жектен бірде-бір жеңіліссіз өтіп, туған елімнің туын шынайы мақтанышпен желбіретіп келемін. Осы жекпе-жек арқылы сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен, біздің «Жаңа Қазақстан» мерекесімен құттықтауға уәде беремін, достар! Әрқашан маған көрсететін баға жетпес қолдауыңыз үшін рахмет! - Сіздердің Жанқош Тұраров", - деп жазды Жанқош Тұраров инстаграм парақшасында.