26 жастағы Ибрагимов Сочидегі (Ресей) бокс кешінде өнер көрсетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Алтынбек Ибрагимов (0-1) кәсіпқой мансабындағы екінші кездесуін өткізді, деп жазады inform.kz.
26 жастағы Ибрагимов Сочидегі (Ресей) бокс кешінде өнер көрсетті. Қарсыласы – 24 жастағы ресейлік дебютант Марат Гаспарян. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Екі боксшы төрт раунд бойы жұдырықтасып, Ибрагимов төрешілердің дауыс басымдығымен жеңіске жетті.
Осылайша Алтынбек Ибрагимов кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізсе, Марат Гаспарян бірінші рет жеңілді.