Зауырбек никарагуалық Хосе Агилардан басым түсті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіби боксшылар Нұртас Әжбенов пен Сұлтан Зауырбек Лондондағы York Hall аренасында болған бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын 24 жастағы Әжбенов бірінші раундта 35 жастағы хорват Анто Накичті нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіби жекпе-жектегі екінші кездесуінде жеңіске жетсе, қарсыласы мансабында 18-ші рет жеңіліс тапқан.
Әжбенов пен Зауырбек MTK Global менеджерлік компаниясымен биыл маусымда келісімшарт жасасты. Ұйымның басты жұлдыздары орта салмақтағы Билли Джо Сондерс пен супер ауыр салмақтағы Тайсон Фьюри.
Қазақстандық кәсіби боксшылар 26 қазанда алғашқы жекпе-жектерін өткізген еді. Ол кезде Әжбенов никарагуалық Элиджио Паласиосаны ұпай саны бойынша жеңді.
Зауырбек никарагуалық Хосе Агилардан басым түсті. 24 қарашада Монакода Зауырбек тағы бір никарагуалық Джонсон Теллесті нокаутқа түсірді.