Бұл шоудың ең мықты кездесуі деп мойындалды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер қыз Мария Агапова UFC промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.
Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мәліметіне сүйенсек, Агапова бұл кездесу үшін 20 мың доллар (жеңгені үшін үстеме 10 мың) алған, ал оның қарсыласы Сайферске 35 мың доллар (сомма демеушілер мен үстеме төлемдерсіз көрсетілген) тиген.
Мұның алдында, қазақстандық қызға UFC осы кештегі ең мықты жекпе-жек үшін қосымша 50 мың доллар төлейтінін хабарланған.