Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты

0
795

Жас футболшы «Унион Депортиво Побленсе» командасының намысын қорғайды.


Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дмитрий Бачек енді испандық клуб сапында ойнайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жас футболшы «Унион Депортиво Побленсе» командасының намысын қорғайды. Аталған клуб Испания чемпионатының үшінші дивизионы саналатын Б сегундасында ойын көрсетеді.

Команда 1934 жылы құрылған. Балеар аралдарындағы Ла-Пуэбла қаласының атынан сынға түседі. Өзінің тарихында сол елдің ең жоғары лигасы - примерада ешқашан ойын көрсеткен жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, Дмитрий Бачек қарағандылық «Шахтер» командасының мүшесі болған. 2019 жылдың соңында аталған клубтан кетіп, еуропалық жаңа клубта ойын көрсетуге шешім қабылдады.