31 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі кездесуін сәуірдің ортасында АҚШ-та өткізеді, деп жазады Vesti.kz.
BoxRec сайтының мәлімдемесі бойынша Дычко рингке 16 сәуірде Мерфрисборо (АҚШ, Теннесси штаты) қаласында өтетін бокс кешінде оралады. Бұған дейін ол Ньюарк (Нью-Джерси штаты) қаласында 30 сәуірде он раундтық кездесу өткізеді деген ақпарат тараған болатын. 31 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы жекпе-жектерінің алдында Дычко бұрын орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвараспен жұмыс істеген промоутермен келісімшартқа отырған еді.
Қоса кетейік, соңғы кездесуін Нұр-Сұлтан қаласында ресейлік Александр Устиновқа қарсы өткізген Дычко, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жеткен болатын.