Қазақстандық Олимпиада жүлдегеріне қатысты дау: федерация пікір білдірді

0
630

Нұралинов ААФ допингтің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын айтты.


Қазақстандық Олимпиада жүлдегеріне қатысты дау: федерация пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы (ААФ) 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовты алтын медалінен айыруға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралинов Спорттық арбитраж сотының (CAS) Допингке қарсы департаменті "күтпеген шешім" жасағанын айтты. Оның айтуынша, тыңдау кезінде Рахимовтың адвокаттары айтқан деректер айтарлықтай сенімді болған.

"Тыңдау сәтінен бастап, одан бері алты ай өтті, спортшыға да, федерацияға да қосымша өтініштер мен түсініктемелер түскен жоқ. Айта кетейік, бұл сот отырысы CAS допингке қарсы департаменті деңгейінде бір арбитрмен өткендіктен, бұл үкім бірінші инстанция шешімі саналды", - деді ол.

Нұралинов ААФ допингтің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын айтты.

"Алайда бұл жағдайда Халықаралық ауыр атлетика федерациясына және сол кездегі допинг-бақылау жүргізген органдарға бірқатар сұрақ туындап отыр. Федерация біздің спортшымызға қолдау көрсетуге және CAS допингке қарсы департаменті шешіміне шағымдануға одан әрі көмек көрсетуге дайын", - деп түйіндеді сөзін Алдияр Нұралинов.

Бұған дейін ауыратлет медалінен айырылуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.