Жарысқа 25 елдің үздік 85 спортшысы қатысты.
ERNUR.KZ. Парижде пара таеквондодан әлемдік Гран-При серия жарыстары өтті, деп жазады baq.kz.
Жарысқа 25 елдің үздік 85 спортшысы қатысты.
Париж-2024 – Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыстың бірі. Байрақты бәсекеде Қазақстан тарапынан 4 спортшы бақ сынап, 3 жүлдеге қол жеткізді.
Еліміздің спортшылары Нұрлан Домбаев 80 кг салмақта К-44 дәрежесінде күміс жүлде, ал Өмірәлі Нышан (80 кг, К-44) және Кәмила Досмалова (-57 кг, К-44) қола жүлдеге ие болды.
Францияның төрінде Гран-При серияларының екінші жарысы өтті. Алғашқы жарыс Болгарияда өтсе, үшінші жарыс қазан айында Манчестер қаласында өтпек. Айта кетсек, бұл G6-рейтингтік жарыс болып табылады, оған тек әлемнің үздік спортшылары қатысады. Осындай дәрежедегі жарыста орын алу үлкен жетістік, - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Биғарин.