Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

0
1 093

Бұл Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі.


Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

ERNUR.KZ. Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Сағадат Рахманқұлов Мексикада жергілікті боксшы Даниэль Армандо Валенсуэлаға қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады vesti.kz.

Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық оны бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан.

Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды.