Қарсыласы орнынан тұра алмады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Жасұлан Әкімжан Алматыдағы EFC 37 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.
Астаналық спортшының қарсыласы ресейлік Роман Авдал болды. Жекпе-жек бір жарым минут қана болды, Жасұлан қарсыласының аяғынан тепкеннен кейін ресейлік орнынан тұра алмай қалды.
Еске салайық, "Алматы Аренада" өтіп жатқан турнир қонағы UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедов.
Мұның алдында, осы турнирде Дияр Нұрғожай мен Санжар Әділов те жеңіске жетті. Ал Виталий Радионов пен Исатай Теміров қарсыластарына есе жіберген еді.