Қазақстандық теннисшілердің үшеуі де іріктеу сайыстарының финалдық кездесулерін сәтті өткізді.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин және Денис Евсеев Шанхай мастерс турниріне жолдама алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисшілердің үшеуі де іріктеу сайыстарының финалдық кездесулерін сәтті өткізді.
Дүниежүзілік рейтингте 302-орында тұрған 22 жастағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 293-ракеткасы, чехиялық Доминик Паланды 2 сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен ұтты.
Сондай-ақ рейтингте 258-сатыдағы Денис Евсеев әлемнің 188-ракеткасы, тайбэйлік Ву Тун-Лиден айласын асырды – 6:4, 4:6, 6:3. Бұл жекпе-жек 2 сағат 11 минутқа созылды.
Әлемнің 246-ракеткасы Михаил Кукушкин 300-орында тұрған аустралиялық Люк Сэвилді 6:3, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.
Қазақстандық теннисшілердің Шанхай мастерс додасындағы алғашқы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бейжіңде Азиада чемпионын ойсырата ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Шанхай мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Astana Open ATP 250 турнирінің финалына шыққан теннисшілер белгілі болды.
Юлия Путинцева Бейжіңде әлемнің 10-ракеткасына жол берді.