Қазақстандық жас таэквондист Мексикада әлем чемпионы атанды

0
1 293

Турнир маусым айының соңында өтті, оған әлемнің 14 елінен келген оқушылар қатысты.


Қазақстандық жас таэквондист Мексикада әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Мексиканың Мазатлан қаласында мектеп оқушылары арасында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Астанадан барған жас спортшы турнирде чемпион атанды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан құрама командасына "King Club Astana" және "Legion" отандық таеквондо клубтарының үздік өкілдері кірді.

Жарыстың бірінші күні Астана қаласының "Нұр-Орда" мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аятжан Әмірханов (жаттықтырушылары – Арал Садықов, Динара Қабдулова) 12 жасқа дейінгі топта 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болды.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы Тайвань мен Бразилия құрамаларынан кейінгі үшінші командалық орынға жайғасты.