Кейінгі екі сетте есеп 6:2, 6:0 болды.
Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Монреальда (Канада) өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп жазады Zakon.kz.
Путинцева турнирді іріктеу кезеңінің жартылай финалынан бастады. Ол онда канадалық, әлемнің 860-ракеткасы Миа Купреспен кездесті.
Қазақстандық екінші ракеткасы бірінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ одан кейін есесін қайтарып, матчта жеңіске жетті. Кейінгі екі сетте есеп 6:2, 6:0 болды.
Юлия Путинцева іріктеудің финалында аустралиялық теннисші, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Бирреллмен кездеседі. Бұл матч 6 тамызда 23:30-да өтеді.