​Қазақтан командалары Еурокубоктағы ойындарын бастады

0
1 082

5-ші минутта алаң қожайындарының футболшысы Вагнер күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып алды.


​Қазақтан командалары Еурокубоктағы ойындарын бастады

ERNUR.KZ. Қазақстан командалары Еурокубоктың жаңа маусымындағы ойындарын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Андораның УЕ «Энгордани» клубына қарсы ойын өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 5-ші минутта алаң қожайындарының футболшысы Вагнер күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып алды. 25-ші минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден есепті 2:0-ге жеткізді. 90-шы минутта Эппел алматылықтардың 3-ші голына авторлық жасады. Осылайша «Қайрат» алғашқы матчта ірі есеппен жеңіске жетті, есеп – 3:0.

Сонымен қатар, Павлодардың «Ертіс» ұжымы да алғашқы ойынын қонақта өткізді. Олар Литваның «Тракай» командасымен 0:0 есебімен тең тарқасты. Қостанайдың «Тобыл» командасы Грузияда «Самтредианы» 1:0 есебімен жеңген. 95-ші минутта жеңіс голын Максим Федин соқты.