ERNUR.KZ 1 - 3 маусым күні Өзбекстанның Ферғана қаласында өзбек куресінен халықаралық турнир өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
5 елдің спортшылары қатысқан додада Қазақстан құрама командасының балуандары да бақ сынады.
Осы орайда айта кетсек, узбек кураши Азия ойындарына қосылғандықтан, дүбірлі доданың алдында Қазақстан құрама командасының бапкерлері шәкірттерінің дайындығын тексеріп алды.
Турнирде Шымкент қаласының Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің спортшысы Ерсұлтан Мұзаппаров та бақ сынады. Ерсұлтан 90 келі салмақта кілемге шығып, 5 кездесу өткізіп барлық қарсыласынан басым түсіп чемпион атанды. Енді Ерсұлтан Мұзаппаров Азия ойындарында бозкілемге шығатын болады.